ТОО «Arymak Trans Service»
Горячая линия

(7292) 47-33-01






Проведение конкурса Үздік маман-2017

Маусым айында «Argymak TransService» ЖШС жұмыскерлері арасында автомобиль жүргізушілері, автомобиль жөндеу слесарьлері, цементтеу агрегаты мотористері мамандықтары бойынша «Үздік маман – 2017» сайысы өтті. Әуелі екі вахта жұмыскерлері арасында өткізілген сайыс сынынан өткен әр ауысымның үздіктері қайта кездесіп, кәсіби шеберліктерін Серіктестік бойынша ортаға салды.

Бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған бұл сайыста жұмыскерлер теориялық және практикалық тұрғыда екі кезеңде күш сынасты. Қатысушылардың еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерді меңгергеніне, теориялық әзірлігіне, практикалық кезеңдегі тапсырмаларды орындау уақыты мен сапалық мазмұнына көңіл аударылды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей, сайыс қорытындысында төменде аталған жұмыскерлер ілгері шықты:

Автомобиль жүргізушілері бойынша
1-орын Узакбаев Рауан
2-орын Суйегов Абубакир
3-орын Тоқаев Амандық

Автомобиль жөндеу слесарьлері бойынша
1-орын Өтеғали Әліби
2-орын Бисалиев Дулат
3-орын Бекмұратов Еркін

ЦА мотористері бойынша (экипаж)
1-орын Жалгасбаев Ғабит және Нугайбаев Марат
2-орын Акзамов Ернар және Утебаев Аманбек
3-орын Аманжанов Ғалымжан және Базарбаев Жасулан

Серіктестік бойынша жүлделі орындар иеленген барша әріптестерімізге жеңіс құтты болсын дей отырып, «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ деңгейінде ұйымдастырылатын сайыстың келесі кезеңіне қатысатын Узакбаев Рауанға, Өтеғали Әлібиге, Жалгасбаев Габит пен Нугайбаев Маратқа жауапты сынға тыңғылықты дайындалып, алдыңғы қатардан көрінуіне тілектестік білдіреміз. Еңбегіңіз жемісті, жолыңыз ашық болсын!

Зейнеп Маханбет,
Әлеуметтік-әкімшілік мәселе бойынша аға маман.



Проведение конкурса «Лучший специалист -2017»
В июне состоялся конкурс «Лучший специалист-2017» среди работников ТОО «Argymak TransService» по специальностям: водитель автомобиля, слесарь по ремонту автомобилей, моторист цементировочного агрегата. Вначале состязались работники двух вахт, затем лучшие демонстрировали свое мастерство на уровне Товарищества.

Ставший уже традиционным конкурс включал в себя два этапа, состоящих из теоретических и практических заданий. Особое внимание уделялось освоению правил по технике безопасности и охране труда, теоретической подготовке участников, времени и качеству выполнения практических заданий. По результатам оценки участников конкурса определились следующие победители:

По специальности «Водитель автомобиля»
1-место Узакбаев Рауан
2-место Суйегов Абубакир
3-место Тоқаев Амандық

По специальности «Слесарь по ремонту автомобилей»
1- место Өтеғали Әліби
2- место Бисалиев Дулат
3- место Бекмұратов Еркін

По специальности «Моторист ЦА» (экипаж)
1- место Жалгасбаев Ғабит и Нугайбаев Марат
2- место Акзамов Ернар и Утебаев Аманбек
3- место Аманжанов Ғалымжан и Базарбаев Жасулан


Мы поздравляем всех победителей и желаем участникам следующего этапа конкурса на уровне АО «НК «КазМунайГаз» Узакбаеву Рауану, Өтеғали Әліби, Жалгасбаеву Габиту и Нугайбаеву Марату достойно защитить честь коллектива. Успехов в труде, удачи во всех начинаниях!

Зейнеп Маханбет,
Старший специалист по административно-социальным вопросам.

Проведение конкурса Үздік маман-2017
Проведение конкурса Үздік маман-2017
Проведение конкурса Үздік маман-2017
Проведение конкурса Үздік маман-2017
Проведение конкурса Үздік маман-2017
Проведение конкурса Үздік маман-2017
Проведение конкурса Үздік маман-2017