ТОО «Arymak Trans Service»
Горячая линия

(7292) 47-33-01

Очистка внутрипромысловых дорог, подъездов к производственным и общественным объектам и к скважинам

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының алғашқы жеті күнінде Қаражанбас кен орнында ауа райы күрт төмендеп, ылғал молынан түсіп, кәсіпшілік іші жолдарын күртік қар басып қалды. Осындай күрделі жағдайда кен орнында өндірістік міндеттерді орындау мақсатында «Argymak TransService» ЖШС жұмыскерлері жедел түрде кәсіпшілік іші жолдарын, өндірістік және қоғамдық нысандарға, ұңғыларға баратын жолдарды тазарту жұмыстарына жұмылдырылып, бұл бағыттағы жұмыстар екі ауысымда жүргізілді. Қозғалыс қауіпсіздігін бақылау үшін тәулік бойғы кезекшіліктер ұйымдастырылды.

Досаев Мұхтар, кен орнындағы өндіріс бойынша директор:
Былтырғымен салыстырғанда, биылғы жыл қатаң сынақпен келсе де, тығырықтан аман шықтық, жұмыскерлеріміз ұятқа қалдырмады. Жалпы қысқы тасымал кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі мақсат болып табылады, сол себепті кен орнындағы жолдардың дәл осы күндері қауіпсіз болуына бар күшімізді салдық. Серіктестік басшылығы атынан бүкіл ұжымға, өндірістік бөлімшелер басшыларына әрбір туындаған мәселені жедел түрде шешіп, көліктің тұрып қалуына жол бермегені үшін алғысымызды білдіреміз. Кен орнындағы Мақсат Кузембаев бастаған еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бөлімінің инженерлерінің еңбегі ересен: олар сол бір қиын кезеңде жол қозғалысы, қауіпсіздік техникасы, жылдамдық режімі ережелерінің сақталуын және көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстады. Жолдардың қарын аршу, вахта жұмыскерлерін кен орнына дейін және кері қарай тасымалдау «Қаражанбасмұнай» АҚ кен орнындағы өндірістік басқармасымен бірлесе атқарылды.

Ертай Кодаров, кен орнындағы өндіріс бойынша директор:
Сол күндері жұмыскерлеріміз жолдардағы қар үйінділерін күреп, тыным таппастан еңбек етті. №5 автотізбек жұмыскерлері (автобустар мен жол-құрылыс механизмдері) бастығы Отарбаев Ноябрь және шебер Джамалиденов Хайрлының басшылығымен түнгі ауысымға шығып, бүкіл кәсіпшіліктегі жолдарды тазалаумен айналысты. Тайғанақ жол жағдайында автомобильді жүргізе білу таланты қажет-ақ: жүргізушінің кәсіби шеберлігі, оның сақтығы, жинақылығы мен зерделілігі қауіпсіздікке ықпал етеді. Біздің жүргізушілердің, машинистердің қабілет-қарымы мен бүкіл бөлімшелердің жұмыскерлерінің ерен еңбегінің арқасында табиғат туындатқан қиындықты ауыздықтадық. Біз, ауа райының нашарлығына қарамастан, «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік басқармасы мен «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС-інің техникаға деген қажеттілігін тиесілі деңгейде қамтамасыз ете алдық.

Айдарбек Нсамбаев, бас инженер:
Қалың қар төпей жауып, күн райының нашарлауына байланысты Ақтау қаласынан және өзге елді мекендерден кен орнына дейін және кері қарай вахталық автобустарды бастап жүретін көліктер ұйымдастырылып, жұмыскерлердің кен орнына жеткізілуі тиесілі деңгейде жүрді. Форт Шевченко, Жармыш, Жаңа Өзен бағыттары бойынша вахталық автобустар жүргізушілері сол жақтарға алдын ала бір күн барып жатып, келесі күні вахта жұмыскерлерін жұмыс орнына жеткізді. Осы арада аға диспетчер Бадырова Қарлығаштың демалыс күндері жұмысқа шығып, вахта автобустарының уақытында аттандырылуына өз үлесін қосқанын айта кеткен ләзім. Әрине, вахта автобустарының кешіккен сәттері болды, бірақ бастысы адамдарымыз аман жетті. Сол күндері біз жол жағдайына жауап беретін мекемелермен және жол полициясымен қоян-қолтық жұмыс жасадық. Алдағы уақытта да бүкіл жұмыскерлеріміздің жұмысқа және жұмыстан өз шаңырағына аман жеткізілуін қамтамасыз ету үшін жұмыстана беретін боламыз.

С первого по седьмое января текущего года из-за ухудшения погодных условий и сильного снегопада резко осложнилась обстановка на территории месторождения Каражанбас: замело внутрипромысловые дороги, образовались сугробы. В сложившихся условиях, в целях обеспечения производственных задач на месторождении, работники ТОО «Argymak TransService» оперативно организовали работы по очистке внутрипромысловых дорог, подъездов к производственным и общественным объектам и к скважинам. Работа производилась в двухсменном режиме, были организованы круглосуточные дежурства по контролю безопасного движения.

Досаев Мухтар, директор по производству на месторождении:
По сравнению с прошлым годом нынешний действительно стал испытанием. Но все закончилось благополучно, наши работники не подвели. Главной задачей во время зимних перевозок всегда было обеспечение безопасности движения, поэтому мы приложили максимум усилий для того, чтобы дороги на месторождении в этот период были безопасными. От имени руководства Товарищества мы благодарим весь коллектив АТС, руководителей производственных подразделений за оперативное обеспечение решения всех возникших проблем, благодаря чему удалось избежать простоя транспорта. Особо стоит отметить инженеров отдела безопасности и охраны труда на месторождении во главе с Максатом Кузембаевым: они следили за соблюдением правил дорожного движения, техники безопасности, скоростного режима и техническим состоянием транспортных средств в этот трудный период. Все действия по расчистке дорог, а так же доставки вахтовых работников до месторождения и обратно проводились совместно с производственным управлением АО «Каражанбасмунай» на месторождении.

Ертай Кодаров, директор по производству на месторождении:
В те дни наши работники работали не подкладая рук, вовремя расчищая дороги от снежных заносов. Работники автоколонна №5 (автобусы и дорожно-строительные механизмы) во главе с начальником Отарбаевым Ноябрем и мастером Джамалиденовым Хайрлы вышли на работу в ночную смену и занимались расчисткой дорог по всему промыслу. В условиях гололедицы требуется профессиональное вождение автомобиля: безопасность в первую очередь зависит от мастерства водителя, его осторожности, собранности, внимания. Благодаря умелости наших водителей и машинистов, а также отверженного труда работников всех подразделений, мы справились с трудностями, связанными с погодными условиями. Несмотря на плохие погодные условия мы на надлежащем уровне обеспечили потребность производственного управления АО «Каражанбасмунай» и ТОО «ТулпарМунайСервис» в технике.

Айдарбек Нсамбаев, главный инженер:
В связи с выпавшим обильным снегом и ухудшением погодных условий нами было организовано сопровождение вахтовых автобусов с города Актау и других населенных пунктов до месторождения и обратно. Доставка работников на месторождение была проведена на должном уровне. По направлениям Форт Шевченко, Жармыш, Жана Озен водители вахтовых автобусов за день вперед поехали туда, и на следующий день доставили вахтовиков на работу. Здесь было бы уместно отметить работу старшего диспетчера Бадыровой Карлыгаш, которая работала в выходные дни и способствовала своевременной отправке вахтовых автобусов. Конечно, были моменты когда вахтовые автобусы приезжали поздно, но самое главное благополучно. В те дни мы тесно работали с организациями, отвечающими за содержание дорог и дорожной полицией. И впредь мы будем стараться обеспечить безопасную перевозку всех наших работников на работу и обратно в родной очаг.